"АрселорМиттал Теміртау" болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зауыт жұмысшыларының айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ер адам конвейерге қалай түсіп кеткенін арнайы комиссия анықтайды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі бригадир қаза болғанын растады.
"Болат өңдеу цехының агломерация зауытында оқыс оқиға болғанын хабарлаймыз, салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған бригадирден айырылып қалдық. Арнайы комиссия құрылды, іс жүріп жатыр", - деді компания өкілі.