Армения Республикасының Ұлттық жиналысы екінші турда Никол Пашинянды премьер-министр етіп қайта сайлаған жоқ. Осылайша, ел Конституциясына сәйкес, Арменияның жетінші шақырылымдағы Ұлттық жиналысы құқық күшімен таратылады, деп хабарлайды Арменпресс ақпарат агенттігі.
Оның мәліметінше, ел премьер-министрін сайлау бойынша кезектен тыс отырыс кезінде Никол Пашинян сайлану үшін тиісті дауысты жинай алмады.
Оның кандидатурасын қолдаған және қарсы шыққан бір-бір депутаттан болса, қалған 76 депутат дауыс беруден тартынды.
Премьер-министрді сайлау үшін 67 дауыс қажет болған еді.
Бұл - тәуелсіз Армения тарихында Ұлттық Жиналыстың мерзімінен ерте таратылып жатқан екінші жағдай.
2018 жылдың қарашасында Армения премьер-министр Никол Пашиняннің отставкасынан кейін парламент тура сол процедура бойынша таратылған.
Премьер-министр қызметіне жалғыз кандидат Никол Пашинян болған еді. Оның кандидатурасын Ұлттық Жиналыстың «Мой шаг» фракциясы ұсынған.
Никол Пашиняннің премьер-министр қызметіне кандидатурасы сондай-ақ премьер-министр сайлауының бірінші турында ұсынылған.
Премьер-министрдің міндетін атқарушы Никол Пашинян 3 мамырда ҰЖ кезектен тыс отырысында премьер-министр болып сайланған жоқ.
Арменияда Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлау 20 маусымға белгіленген.
