© Photo: СҚО ПД
Антикор полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Біләловке қатысты тергеуді аяқтады.
Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі" - делінген хабарламада.
Еске салайық, ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД басшысының міндетін атқарушы Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталғаны белгілі болған.