20 жел, 2016 сағат 12:21

Анкара көшелерінің біріне елші Андрей Карловтың есімі беріледі

Түркия СІМ басшысы Мәуліт Чавушұлы Анкарадағы Ресей елшілігі орналасқан көшеге қастандықтан мерт болған ресейлік елші Андрей Карловтың есімі берілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы М.Чавушұлы Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлады russian.rt.com.

Бұған дейін Лавров Анкарадағы ресейлік елші А.Карловтың қазасын жауыздықпен жасалған лаңкестік оқиға деп атады. 19 желтоқсан күні Анкарада «Ресей Калининградтан Камчаткаға дейін» атты көрменің ашылуында сөз сөйлеп тұрған елшіні қарулы ер адам атып өлтірді.

19 желтоқсан күні Анкарада «Ресей Калининградтан Камчаткаға дейін» атты көрменің ашылуында сөз сөйлеп тұрған елшіні қарулы ер адам атып өлтірді.