23 жел, 2017 сағат 12:25

Анкара Астанада өткен Сирия келіссөздеріне оң баға берді

Ресми Анкара 21-22 желтоқсан күндері Астанада өткен Сирия келіссөздері  бойынша сегізінші кезеңнің нәтижелеріне  оң баға берді, деп хабарлайды Анадолы.

Түркияның сыртқы істер министрлігі Сирияда зорлықпен ұсталып отырған адамдарды тараптардың келісімі бойынша босату мәселелері жөніндегі жұмыстарды да атап өтті. Мұндай қадам Сириядағы екі жақты сенімділікті нығайтады, деп қосты Түркия СІМ.

Сонымен қатар, ведомствода Астанадағы кезекті кезең барысында осы мәселелер бойынша пікір алмасулар мен Идлибтегі «дэскалация аймағындағы» шиеленісті төмендетуге бағытталған жұмыстардың жақсы нәтиже беріп жатқаны туралы айтылды.

Сирия аймағын миналардан тазарту жөніндегі құжатты мақұлдау мәселесі де осы ретте қарастырылған.

2018 жылдың 29-30 қаңтарына жоспарланған Сочиде жалғасатын диалог алаңына дейін, Түркия, Иран, Ресей сияқты кепілгер елдер өкілдерінің қатысуымен осы қалада алдын ала отырыс өтеді.