27 жел, 2017 сағат 11:04

Англия соты қазақстандықтың 17 миллион доллар тұратын зәулім үйіне бұғау салды

2017 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 21 проблемалық эмитент бойынша қарыз 44,86 миллиард теңге болып тұр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "БЖЗҚ" АҚ-ға сілтеме жасап. 

БЖЗҚ алдында жабылған қарыз 2,274 миллион теңге. Соның ішінде 2014-2016 жылдары - 1,475 миллион теңге, ал 2017 жылы - 1,249 миллион теңге.

БЖЗҚ-ға қарыздарды сот арқылы қайтару үшін шағымдар берілді. Ұйымның талаптары орындалып, Қорға қарызды қайтару сот актілері жасалды. 

Зейнетақы активтері бойынша міндеттерін орындамаған тұлғаларды тексеру мен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында, БЖЗҚ құқық қорғау органдарын 20 эмитентке қатысты шағым жолдады. Қазіргі таңда бес эмитент - "Астана - жылжымайтын мүлік" АҚ, "Имсталькон" АҚ, "РОСА" АҚ, "Құрылысы материалдары мен конструкциялары-2" ЖШС-на қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Сонымен қатар, Лондонның жоғарғы соты "Қазақстан Қағазы" АҚ-ның бұрынғы акционерлеріне қатысты оң шешім шығарды. Осы арқылы олар "БЖЗҚ" АҚ алдындағы 12,5 миллиард теңге қарызын қайтаратын болады. Сот компанияның бұрынғы директоры Мақсат Әріптің 95 миллион доллардан аса активіне және 17 миллион долларға бағаланған зәулім үйіне халықаралық деңгейде бұғау салды. Ал екінші акционер Бағлан Жүніспен 3 миллион долларға бітімгершілік келісім жасалды. 

Сот 4 жылға созылғанын айта кетейік.