Халқымызда ежелден айтылатын бір сөз бар. «Мал таппайтын еркек жоқ, құрарын айт бала таппайтын әйел жоқ тұрарын айт» деген. Бұл енді қай қоғамда болмасын сол қоғамның дамуына қажетті құндылықтардың бастысы. Ал, енді жан-жағымыз анталаған алыптар елі болып тұрғанда бұл екуі де біздің елге аса керек. Әрине, «Елбасы алдымен экономика, содан соң саясат» деп жүріп көрші елдермен салыстырғанда экономиканы біршама түзеп алған жайымыз бар...Өкінішке орай адам капиталымыз бен олардың денсаулық жағдайына келгенде күмілжитін тұстарымыз көп. Енді соларға ретімен тоқталайық.
Гендерлік саясат кімге жұмыс істеуде?
Бекер облы не керек Елбасы бастамашы болып, еліміздегі балалар мен аналардың денсаулығын, құқығын қорғайтын, Президент қойған Жарлық жарық көрген. Ол былай аталады.
ҚР Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы жарияланды. Бұл құжаттың қабылдану мақсаты Конституциямызда жария етілген ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру және олардың қоғам өмірінің барлық саласында теңдей қатысуы үшін жағдай жасау болатын. Әйелдерге күш көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, ажырасу бойынша олардың құқығы қорғалуы қажет. Бұл жарлықпен қоса Үкімет қаулысы шығып, оған жалғасты, Халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрлері де бірнеше бағдарламалар жариялап тастады. Егер осы жарлық, бағдарламалар ана мен баланың денсаулығына пайда тиер болса, біз көрші елдердің алдына түсіп-ақ кетер едік. Өкінішке орай нақты жағдай олай болмай тұр. Керісінше олқы түсіп жатқан тұстарымыз көп...
Сөзімізге тұздық болу үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа жүгінсек 2016 жылы 100 мың тірі туылған нәресетеге шаққанда 8,6 шетінеген. Бұл деген жүздеген баланың жарық дүниеге келген соң 5 күннің ішінде шетінеп кетуі. Статистикалық деректерге көз жүгіртіп тұрсақ одан бері қарайда сәбилердің шетінеуі мен аналардың өлімі азаймаған. Сәбилердің өлімі көп тіркелген аймақтарға Қызылорда -10.2, Алматы облысы-10.0, ШҚО-9,7, Маңғыстау облысы-9,5, Қостанай-9,3, Атырау-8,9. және Жамбыл-8,8. Шындығын айту керек бұл тіркелгендері. Ал аудан орталығынан 250-300 шақырым жердегі амблуаторлық пункті ғана бар, интернеті жоқ ауылдарда қанша ана босанып, қанша сәби шетінеп кетіп жатыр, ол деректер статитикаға кіріп жатыр ма, жабулы қазақ жабулы күйінда қалуда ма, оны бір құдай білсін..?
Босану барысында қанша әйел қайтыс болды?
Жасыратыны жоқ соңғы уақыттары Электронды ақпарат құралдарынан туыт кезінде, болмаса одан кейінгі асқынудан қайтыс болған аналар туралы сюжеттерді жиі көріп қаламыз. Өте ауыр жағдай. Көбіне дәрігерлерді кіналап жатады. Уақтысында ем-шара жасамады дегенлей кіналаулар. Және көп жағдайда дәрігерлердің кінасы анықталып, жұмыстарынан кетіп жатқанын да естіп жүрміз. Енді осы аналар өліміне қатысты деректерге көз салайықшы. Ана өлімі бойынша 30,1 көрсеткішпен Атырау облысы көш бастап тұр. Одан кейін Қостанай - 24,5, БҚО - 22,8, ОҚО - 17,7, Қарағанды - 16,8, Павлодар – 16,0, Ақтөбе – 15,1 және ШҚО – 13,3. Республикадағы орташа көрсеткіштен төмен көрсеткіш – Жамбыл облысында - 11,5, Ақмола облысы – 8,7, Кызылорда облысы – 5,3, Маңғыстау облысы – 5,1, Алматы облысы – 4,8 және Алматы қаласы - 9,1 және Астана қаласы – 7,3. Көрсеткіштері төмен болса да барлық медициналық мүмкіндіктері бола тұра Алматы мен Астанада да қайғылы жағдайдың орын алғаны өкінішті-ақ. Сондықтан Денсаулық министрі барша дәрігерлерімен ақылдаса отырып, осынау ана мен баланың өлу көрсеткішін төмендетуге кұш салу қажет. Әйтпесе демографиялық өсімге қалай қол жеткіземіз?
Нұрболат Абайұлы