Амангелді — 1938 жылы Ленфильмде Алматы кинохроника студиясы кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм. Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм.
"Амангелді" көркем фильмі қазақ киносының тарихынан үлкен орын алады. Кинотуынды төңірегінде көптеген пікірлер айтылды да, айтылып та келе жатыр. Алғаш қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1944 жылғы мақаласында былай деп жазған : "1937 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады". ("Кино жылдар ойлар", Алматы "Өнер" 1983 ж. 10 бет).