Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың 2015 жылы шыққан бұл туындысы нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Фильмде бірнеше оқиға қатар көрсетіледі. Біріншісі – 19-ғасырда өмір сүрген Кенесары ханның өмірінің соңғы жылдары, екіншісі – Кенесары жайлы зерттеулер жүргізген Ермахан Бекмахановтың жастық шағы мен қуғынға ұшыраған жылдары, үшіншісі – Ермахан Бекмахановтың өмірін зерттеумен айналысқан жас журналист Рамазан Думанның бастан өткізгендері. Шиеленіске толы үш оқиға қатар өрбитіндіктен, көрермен қабылдауына ауыр тиетін тұстары да бар.