11 қыр, 2023 сағат 12:38

Алматының түнгі клубында “синтетика” сатушы ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Polisia.kz-ке" сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.