22 нау, 2020 сағат 18:27

Алматының тағы бір тұрғынынан коронавирус табылды

Алматыда тағы да коонавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналына сілтеме жасап.

Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, 22 наурыз, сағат 21-03-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 59-ға жетті. 

Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 24, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе қаласында 2 жағдай тіркелді.