29 қаң, 2022 сағат 21:57

Алматының ресми атауы сақталады - Президент


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың Алматының атын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында Алматының атын өзгерту және Алма-ата атауын қайтару туралы сұраққа жауап берді. 

"Неге қазір барлық құжатты қайта жасап, шешім қабылдаймыз? Алматы қазақ тілінде сөйлейтіндерге қолайлы. Алма-Ата орыстілділерге ыңғайлырақ. Сондықтан ресми түрде Алматы атауы сақталатынына, қала тұрғындарына ыңғайлы және қаламызға сырттан жылы қарайтындар үшін осылай атала беретініне келісейік. Түптеп келгенде, қытайлар астанасын Бэйджин деп атайды, ал біз Пекин деп атаймыз. Әйтеуір, тарихи түрде осылай болды", - деді Президент.

Президенттің сұхбаты "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан көрсетілді.