#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Алматының Медеу ауданында үш жүздей көшеге жарық шамдары орнатылады

  • 13.02.2020
  • 0
  • 287

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис көшелерін жарықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін қала бойынша барлық көшелерге жарық шамдарын орнатуды тапсырған болатын.

«Қала әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында біз былтыр көшелерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде жарығы жоқ біраз көше анықталды. Өткен жылы біз 19 көшеге 1084 жарық нүктесін орнаттық», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сонымен қатар, ол екінші кезеңде Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша биыл 279 көше мен 27 аулаға 6200 жарық шамын орнату жоспарда екенін айтты.

Оның айтуынша, жарықтандырудан бөлек, оларды жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар