17 қаң, 2022 сағат 17:34

Алматының қақ ортасында қару ұстаған 2 ер адам ұсталды


Алматының орталығында қару ұстаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қарулы 38 және 35 жастағы ер адамды ұстады. 

Олардың қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқаны белгілі болды.

«Күдіктілерді Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады. Олардан қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған «SM12 steyr mannlicher austria» маркалы екі аңшы мылтығын тәркіледі. Белгілі болғандай, 38 жастағы М.есімді азамат және 35 жастағы Р.есімді азамат Алматы облысынан келген», - деп хабарлады полициядан.

Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. 

Қару тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.