#
#
Жұма 05/03/2021

Алматының ІT архитектура жоспары бекітілді

  • 22.01.2021
  • 0
  • 157

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен IТ кеңесте мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін цифрландыру жүйесін дамытудың басты бағыттары қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

IТ кеңеске қатысушылар 2020 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады, IТ-кәсіпкерлікті қолдау, IТ-қызметтерін цифрландыру мен экспорттауды дамыту үшін жағдай жасау және мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету жөніндегі бастамаларды талқылады. 

«Жол картасы» аясында 2020 жылы ТҮКШ, көлік, халыққа қызмет көрсету, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жобалар іске асырылды. 

Сонымен қатар, өткен жылы қала экономикасының қажеттіліктері үшін цифрлық өнімдерді жеткізушілер саны 65 бағдарламашыға дейін өсті, оның 50% - стартап жобалар. 

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған «Жол картасы» жаңартылды. 

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қалада ақпараттық технологияларды табысты дамыту үшін барлық компоненттер - жергілікті билік тарапынан қолдау, дамыған университеттік орта және оқыған жергілікті қоғамдастық бар екенін атап өтті. 

Кеңес мүшелері мегаполис Орталық Азия аймағында IТ-технологияларды дамытудағы ең озық екенін баса айтты. 

Ақпараттық технологиялар саласын қаланың экономикалық секторының көшбасшысына айналдыру үшін Алматының адами әлеуеті жоғары. 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Алматыда «Зерде» холдингімен бірлесіп әзірленген IТ архитектураны қалыптастырудың мақсатты жоспарына қол қойды. 

Онда мегаполисті цифрландыру жағдайы талданады, сондай-ақ тұрғындар, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының дәстүрлі формаларын жетілдіруге бағытталған басым жобалар анықталады. 

IТ архитектура шеңберінде әртүрлі бағыттарды әрі қарай дамыту және Smart City технологиялық платформасының тетіктерін жүзеге асыру сөз болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар