Фото: akorda.kz
Алматы қаласының
бұрынғы әкімі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев
"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді. Бұл туралы
компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген "Самұрық-Қазына" АҚ таратқан ақпаратта.
Бүгінде
"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар. Оның 4-уі –
тәуелсіз директор.
