15 жел, 2019 сағат 12:07

Алматылықтар Сұлтан Сартавты соңғы сапарға шығарып салды

Алматыда жұртшылық белгілі академик, қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қаралы жиынға марқұмның жақындары, шәкірттері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Сұлтан Сартаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі шексіз. Ол құқық қорғау, заң жүйесінде өлшеусіз еңбек етіп, өте дарынды, білікті мамандар дайындады» деді қала әкімі қаралы жиында.

Еске салсақ, танымал ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаевтың дүниеден өтуіне байланысты Елбасы мен ҚР Президенті оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхаттарын жолдаған болатын.