22 ақп, 2022 сағат 18:58

Алматылықтар 8 наурыз бен Наурыз мерекесін тойлай ала ма?


Алматылықтар 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын тойлай ала ма ма? Бұл сауалға қаланың бас санитария дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабұлов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптадан бері Алматы қаласының кәсіпкерлерінен, түрлі ұйымдардан алдағы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын қалай тойлайтынымыз туралы сауалдар келіп түсіп жатыр. 18 ақпанда еліміздің бас санитария дәрігері кезекті карантин ережелері мен шектеулерді белгіледі. Жаңа талаптарға сәйкес конференциялар мен форумдар, сондай-ақ салтанатты кештер мен еске алу кештерін өткізуге болады»,- деді Сәдуақас Байғабұлов. 

Корпоративтік кештер, басқа да бұқаралық іс-шаралар тек Ashyq нысандарында өткізілуі тиіс. 

«Алматы қаласы «қызыл» аймақта болғандықтан келушілер саны 70 пайыздан аспағаны абзал. Алда коронавирустың жаңа жағдайлары азайып, қала «сары» немесе «жасыл» аймаққа ауысса, онда ешқандай шектеулер болмайды», - деп түсіндірді ол.