19 қыр, 2019 сағат 07:43

Алматылық ЖОО Бердібек Сапарбаевқа ақылды роботты таныстырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бердібек Сапарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі ІТ паркті, процестік инновациялар орталығын, жерді қашықтан зондтау орталығын аралап көрді. Оқу орнының өкілдері маңызды ғылыми жобаларын көрсетті.

Атап айтқанда, сөйлейтін, еститін, көріп, түсіне алатын, сондай-ақ сұрақ қоя алатын QazBot интеллектуалдық құлтемірі таныстырылды.

Сонымен қатар, вице-премьер Шығыс ойшылы әл-Фарабидің музейін аралап көрді.

«Бұл мұралар әл-Фараби Қазақстан аумағында туып, өмір сүргенін дәлелдейді», - деді ол.

Одан әрі «Ұлы даланың жеті қыры» музейімен, сирек кездесетін жазбалар мен кітаптар қорымен, Тұңғыш Президент залымен танысты.

Бүгін вице-премьер университеттердің жаһандық саммитіне қатыспақ.