11 жел, 2019 сағат 11:45

Алматыдан 374 шақырым жерде жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 374 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«11 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 07:13-те жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,2. Магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – бес километр» деп жазылған сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сайтында. 

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 374 шақырым жерде орналасқан. Сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.