27 жел, 2019 сағат 21:05

Алматыдағы ұшақ апаты: Қостанайда шұғыл желі іске қосылды

Алматы маңында құлаған ұшақ апаты бойынша Қостанайда шұғыл желі іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 (7142) 50-36-24 «Жедел желісін» іске қосты. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін «102» телефоны жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, психологтар қызмет көрсетуге дайын», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы Жарлық шықты.