16 қаң, 2022 сағат 22:15

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша адам қаза болғаны айтылды


Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 149 адам қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Бүгінде құқық қорғау органдарының 11 қызметкері қаза тапты, бейбіт тұрғындар ішінде 149 адам қаза болды", - деді Таймерденов ОКҚ-дағы брифингте.

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Қазақстанда 4578 адам зардап шеккенін, оның 4353-і жарақат алғанын, оның ішінде құқық қорғау органдарының 3393 қызметкері барын айтқан болатын