14 там, 2019 сағат 09:35

Алматыдағы сел: Арнайы техника өзен арнасын кеңейтіп жатыр

Алматыдағы Қарғалы өзенінің арнасы экскаватормен кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзен Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандары арқылы өтеді. Су басу қаупі бар барлық аудандарға арнайы техника қойылды.

Өзен арнасының сыйымдылығын арттыру үшін экскаватор мамандары жұмысқа кірісті. Олар арнаны кеңейтіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Қарғалы өзенінің маңында орналасқан жеке учаскелерді су басу оқиғалары тіркелген жоқ", - деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.