22 қаң, 2021 сағат 17:38

Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады?

Алматыдағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынады. 

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың қыркүйек айы. 

Құрылыс құны - 1,3 млрд теңге. 

Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тендер жарияланған болатын. 

Мәйтті өртеуге арналған нысан бір үлкен бөлме мен екі пештен тұратын болады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 46 млн теңге бөлінген. 

Тапсырыс беруші – Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы.