29 там, 2023 сағат 14:46

Алматыдағы дүкенде бейтаныс әйелдің кеудесін ұстаған ер адам ұсталды

видео кадры

Алматыдағы дүкендердің бірінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 тамызда супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесін ұстаған азамат Атырау қаласынан анықталып, ұсталды. 

Атырау қаласының 1988 жылғы тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, мұндай өрескел әрекетке алкогольдік мас күйде барғанын айтты", - делінген хабарламада.

Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынған.