22 там, 2019 сағат 12:00

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен өрт шықты

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультеті ғимаратының жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 13:31  Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжайы бойынша жертөледен шыққан түтін туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 13:41-де  Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің 5 қабатты ғимаратының жертөлесінен шыққан түтінді анықтады. Әкімшіліктің хабарлауынша, жертөледе сырлау және кеңсе тауарлары сақталады. Есікті бұзып ашу қажет болды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.