14 ақп, 2022 сағат 20:07

Алматыда жүктиегіш аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды


Алматыда кәсіпорындардың бірінің аумағында жүктиегіш аударылып, жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиғаның себептері қазір анықталуда. 

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. 

«Түрксіб аудандық полиция бөлімінің аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар тағайындалады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.