Алматы қаласында жасөспірім көшеде келе жатқан егде жастағы азаматты соққыға жықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірім "Че там?" деген сөзбен ер адамның алдынан шығады да, сөйлесіп тұрып шықшыттан бір ұрады. Жәбірленуші айналып кеткенде тағы екі соққы жасайды. Ер адам жерге сұлап түседі.
Алматы қалалық полиция депаратменті бұзақыны тапқан. Ол 2007 жылы туған "Ж" есімді кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылған!