17 қаң, 2022 сағат 12:05

Алматыда жаппай ереуіл кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты


Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов штаб отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың бас полицейінің мәліметінше, Алматыдағы тәртіпсіздіктен кейін бес полицей ауруханада жатыр, оның екеуі - ауыр халде. 

Барлығы 1097 полиция қызметкері түрлі жарақат алған. 

Сонымен қатар, ол полицияның 5 фронт-офисі, 19 модульдік кеңсесі және 13 экопост өртеніп кеткенін айтты. Одан бөлек, Алмалы полиция басқармасының ғимараты қираған. 

«165 көлік зардап шекті, оның 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. 7 қару-жарақ дүкенінен 1347 дана қару ұрланған. Бүгінгі таңда 127 қару тәркіленді, оның 58-і аңшылық дүкендердерден ұрланған», – дейді Қанат Таймерденов.