07 нау, 2017 сағат 08:00

Алматыда Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арналған ғылыми конференция өтеді

10 наурыз күні Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағында белгілі ақын Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына арналған «Төлеген Айбергенов поэзиясы және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Жиынға Т.Айбергенов шығармашылығы мен өмірін зерттеп жүрген ғалымдар, әдебиеттанушылар мен сыншылар қатысады. 

Айта кетсек, биыл - Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл. Ақын 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген болатын. Қаймана қазақ небары отыз жастағы талантты ұлынан ерте айырылып қалды.

Төлегеннің 80 жылдық тойы жақында ғана Елордада басталған-ды. Енді еліміздің әр түкпірінде жалғасады деп жоспарлануда.