Алматыда террористерге қарсы операция жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірқатар көше уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін 19 қаңтар күні келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:
- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;
- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;
«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағат аяқталды.
Алайда Алматы аумағында антитеррорлық шара режимі және терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады.