Фото: Polisia.kz
Алматыда қоғамдық орындағы телефон ұрлығы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ұрлық Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысына жақын жерде орналасқан аллеяда болған.
"Оқиға таңғы 04:30-да болды. Жастар орындықта отырып, белгісіз біреудің арттан келіп, IPhone телефонын ұрлап кеткенін байқамай қалған.
Қаскөйдің ұрлау әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп, қылмысты ашуға көмек болды. Бұл – 33 жастағы С. есімді ер адам болып шықты. Ол ұсталып, ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
видео: Polisia.kz