Алматыда бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Coronavirus2020.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, бүгін таңғы 10:40-тағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 67 болды.
Нұр-Сұлтанда – 34, Алматыда – 29, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе қаласында - 1 жағдай тіркелді.
Айта кетейік, Елімізде коронавирусқа қатысты 13 наурыз күні төтенше жағдай режимі енгізілді. Оған сәйкес театрлар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтаған болатын.
Кеше, 23 наурыз күні өңірлерде аумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын әдеттегі режим бойынша жалғастырады. Аулалардағы дүкендер де жұмысын тоқтатпайды.
Азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық шаралар күшейтіледі.
Өзгеріс карантин жарияланған астана мен Алматы қалаларынан басқа аумақта қолданылады. Алайда әкім мен бас санитар дәрігердің шешімімен қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.