16 қыр, 2019 сағат 11:15

Алматыда Ш.Айманов атындағы қазақ киносының музейі ашылды

«Қазақфильм» киностудиясында Ш. Айманов атындағы қазақ киносының музейі ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Бүгін «Казахфильм» киностудиясы аумағында Ш. Айманов атындағы қазақ киносының музейін аштық. Қаламыздың көрнекі мәдени орындары арасында оның лайықты орын алатындығына сенімдімін», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің twitter-дегі парақшасында.