02 сәу, 2020 сағат 09:55

Алматыда сәуір айы жаңбырлы болады

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Байгелов мегополисте сәуір айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматыда ауа температурасы +12 градус болады деген болжам бар, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Жауын-шашын бір айда нормадан 105 миллиметр асады», – деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов онлайн-брифинг барысында. 

Сондай– ақ, ол қала аумағында су басу қаупі бар 26 учаске бақылауға алынғанын айтты. Оның ішінде 9 учаскедегі қауіп-қатер жойылды. Бұл жұмыстарға жалпы сомасы 1 млрд теңге жұмсалған. 

«Биыл қалған 17 учаске бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оны іске асыру жұмыстарын қолға аламыз», – дейді ол. 

Үш жылда қалада 381 шақырым арық желілері салынды. 40 шақырым өзен арналары нығайтылды. Бұл жұмыстар су тасқынын үш есеге азайтуға мүмкіндік берді.