23 нау, 2020 сағат 20:11

Алматыда сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысына шектеу қойылды

Алматыда карантинге байланысты азық-түлік емес сауда базарларының, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының, ірі сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сондай-ақ сауда орталықтарының аумақтары мен жеке орналасқан кинотеатрлар, балаларға арналған орталықтар, адам көп шоғырланатын өзге де ойын-сауық нысандары жабылды. 

Ал олардың аумағындағы азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын дүкендер жұмысын жалғастырып жатыр. 

Қала әкімдігі кәсіпкерлік нысандардың заңсыз қызметі туралы фактілер анықталған жағдайда төмендегі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 

+7 775 882 55 39 

+7 775 882 55 46 

+7 775 882 56 02 

+7 775 882 56 49 

+7 775 882 56 72 

+7 775 882 57 08 

+7 775 882 54 16 

+7 775 882 53 12 

+7 775 882 52 00 

+7 775 882 53 92

Айта кету керек, карантин жарияланған күннен бастап Алматыда 14 тұлға жауапкершілікке тартылған. 

Оның ішінде «Восход» сауда үйінің басшысы 5 тәулік қамауға алынды.