Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев©
Алматыда өртенген және атылған 140 көлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы құтқару қызметінің бастығы Бейсеғали Жүнісов 47 көлік өртеніп, 48-і атылып, 17-сі қарақшылық шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. 40 көлік құқық қорғау органдарына, соның ішінде жүк көліктеріне тиесілі екені белгілі болды.