11 ақп, 2022 сағат 20:07

Алматыда оқушылар мен студенттердің офлайн оқуына рұқсат етілді


Алматыда оқушылар мен студенттердің офлайн оқуына рұқсат етілді. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатқа сәйкес, биыл 14 ақпаннан бастап мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері офлайн түрде оқуын жалғастырады.

"Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі", - делінген қаулыда.

Бұған дейін 8 ақпанда оқушылардың күндізгі оқу түріне ауысатыны белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеген еді.