28 қаң, 2022 сағат 16:17

Алматыда метро бекеті маңынан оқ-дәрі табылды


Алматыда метро бекеті маңынан оқ-дәрі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 қаңтарда түстен кейін полиция қызметкерлері "Абай" бекетіне жақын аумақты тексеріп шықты. Жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті иіс сезіп, серіктесін шыршалары бар аллеяға алып келді. Бірінің астынан екі граната және Калашников автоматынан 30 оқ-дәрі табылды.

"Оқ-дәрілерді іс жүргізу тәртібіне байланысты Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы тәркіледі. Оқиғаның мән-жайы тексеру барысында анықталады", - деді Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.