19 ақп, 2022 сағат 16:15

Алматыда майнинг фермасы анықталды


Алматыда майнинг фермасы анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп, Қазақстанның заңнамалық актілерінің нормаларына қарамастан, цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағының аумағында орналасқан "майнингтік" ферманы анықтады.

Бүгінде тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.