11 там, 2023 сағат 11:16

Алматыда қызғаныштан туған жанжал адам өлімімен аяқталды

Көрнекі фото: elements.envato.com

Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан танысымен жанжалдасып, оны пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірнеше сағаттан кейін қаскөйді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған.

"Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды" - делінген ведомство хабарламасында.