27 жел, 2019 сағат 15:45

Алматыда құлаған ұшақта болған нәрестелердің жағдайы қалай?

Алматыда дәрігерлер құлаған ұшақта зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қайғылы оқиғадан соң шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 9 бала жеткізілген.

«Бізге 9 бала жеткізілді. Оның үшеуі - бір жасқа дейінгі балалар. 3 бала бөлімшеде жатыр. Қалған 6 бала жансақтау бөлімінде. Сан сүйегі сынған екі балаға ота жасалды. Жағдайлары бірқалыпты. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық медициналық препараттар жеткілікті. Балалардың ата-аналары аман деп естідік. Туыстары келіп балаларды көріп кетті», - деді орталықтың бас дәрігері Абай Құсайынов.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.