26 нау, 2020 сағат 12:14

Алматыда коронавирусқа тестті қай жерде тапсыруға болады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматыда коронавирусқа тест тапсыру шарттарын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Комитеттің Telegram-каналында таратылған ақпаратқа сәйкес, коронавирустан тестті кез келген адам тапсыра алмайды. 

«Тестті тек дәрігердің бағыттауымен ғана тапсыруға болады. Көп адамдар өздерінің көңілін орнына түсіру үшін COVID-19-ға тест тапсырғысы келеді. Ресми түрде талдаулар Алматыдағы 3 аккредиттелген зертханада тапсырылады. Тестілеуден өту үшін салмақты аргумент қажет - адамда қандай да белгілер болуы тиіс. Ал дене қызуы жоғарылап, жөтел басталса жергілікті емханадан дәрігер шақырту керек. Экспресс-тестілер өзін шынымен де жайсыз сезінген адамдарға арналған», - делінген ақпаратта.