Алматыда бүгін онлайн брифингіде қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, бүгін Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелді.
«Қазір жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан 99 пациент, оның ішінде төрт бала емделіп жатыр. Осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жаңа жағдайы анықталды. 1975 жылы туған ер адам және 1962 және 1964 жылы туған екі әйел байланыста болып жұқтырған. Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағаланды. Оны тексеріп-қарау кезінде пневмония диагнозы қойылды. Әйелдердің жай-күйі – қанағаттанарлық, ауру ағымының жеңіл түрі анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантингіге орналастырылған», - деді басқарма басшысы Т.Әбілдаев.
Оның айтуынша, қазір 80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық болса, 2 ересек адамның жағдайы өте ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде, оның ішінде облыс тұрғыны бар.