27 қаң, 2021 сағат 14:08

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсуде– Нариман Табынбаев

Алматыда күніне COVID-19 ауруымен 80 науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Біз «қызыл аймақта» тұрмыз және коронавирусқа шалдыққандар саны күн сайын 130 адамнан төмен түспейді. Сонымен қатар, КВИ диагнозы бар пациенттердің саны өсуде, яғни, ковидті пневмония. Жалпы, қаланың денсаулық сақтау жүйесі COVID-пен күресуге бейімделген», - дейді қаланың бас дәрігері. 

Сонымен қатар, ол инфекциялық стационарлардың жүктемесі туралы айтты.

«Инфекциялық стационарлардың жүктемесі тұрақты деңгейде, бүгінгі күні 424 төсек-орын бос емес, бұл ретте оның 61%-ы бос және 5 145 төсек-орын резервте тұр. Қазіргі уақытта, тәулігіне, орта есеппен 50-80 пациент емдеуге жатқызылуда. Бізде жансақтау бөлімшелері 50%-ға толық»,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол КВИ жұқтырғандардың арасында басқа да ауруы бар науқастар саны айтарлықтай өскендігін жеткізді. Бұл ретте ол қала тұрғындарынан үйден сирек шығуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдеумен айналыспауды және білікті медициналық көмекке жүгіну керектігін айтты.