23 нау, 2020 сағат 09:41

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Алматыда тағы 1 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 наурыз сағат 12-40-тағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61-ге жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе қаласында 1 жағдай тіркелді.