04 мам, 2022 сағат 16:15

Алматыда көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды


Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның қасында болған 33 жастағы адамды ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында «Тойота» автокөлігінің ішінен табылды. 

«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.