13 ақп, 2022 сағат 11:52

Алматыда қираған экологиялық бекеттер қалпына келтірілуде


Алматыда ауа, топырақ, су және радиация мөлшері сынамаларының талдауын жинауға қажетті стационарлық экологиялық посттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасында хабарлағандай, бүгінгі таңда 13 экопосттың жұмысы қалпына келтірілді. Қалған 6 экопост ақпан-наурыз айларының соңына дейін жұмысын бастайды. Көктем мезгілі басталысымен Алматыда жылжымалы экологиялық бекеттер де өз жұмысын бастамақшы. 

Айта кетсек, Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде бұзақылар 13 экологиялық постты өртеп, 4 бекетті сындырып, тонаған. Тек 2 бекет қана аман қалған болатын.