27 қаң, 2022 сағат 19:12

Алматыда кенет аударылып кеткен жүк көлігінің видеосы жарияланды


Алматыда жүк көлігі кенет аударылып кетті. Оқиға болған сәт видеотіркегішке түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 26 қаңтарда түстен кейін Әл-Фараби даңғылында болды. Ауыр жүк көлігі шығыс бағытта қозғалып бара жатқан. "Қазақфильм" киностудиясы маңында жүк көлігінің дөңгелектері шығып кетіп, содан кейін көлік аударылып кеткен. Мұның бәрі басқа жүргізушілердің көз алдында болған.

Кейін әлеуметтік желілерде апаттан кейінгі кадрлар пайда болды. Кадрлардан жүк көлігі басқа көліктер мен жаяу жүргіншілерге соқтығыспағаны көрінеді.

Полиция мәліметінше, жол апаты шамамен 13.00-де болған.

"Жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, оң жағына қарай құлады. Оқиға салдарынан жүргізуші зардап шекті, оны дәрігерлер сол жерде қарады. Бұл жайтты Бостандық ауданының полицейлері тексереді", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.