23 ақп, 2022 сағат 20:15

Алматыда қарсы жолақпен артқа жүрген 18 жастағы жүргізуші ұсталды


Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саин көшесінде қарсы жолақпен, артқа жүрген мемлекеттік нөмірі жоқ «Lexus» көлігінің жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Тексеру Алматы қаласы полиця департаментінің арнайы батальон қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – 2004 жылы 19 ақпанда туған М. есімді азамат. Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 595-бабының 2-бөлігі, 602-бабының 1-1-бөлігі, 603-бабының 2-бөлігі, 612-бабының 2-бөлігі және 614-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - деп хабарлады полициядан.